Янчжоу, Цзянсу: Янцзы өзені Лонтан көпірінің құрылысы тұрақты түрде алға жылжуда

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 наурыз
Янчжоу, Цзянсу: Янцзы өзені Лонтан көпірінің құрылысы тұрақты түрде алға жылжуда

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылдың 10 наурызында Цзянсу өлкесінің Иджэн қаласындағы Лонтан Янцзы өзен көпірінің жобасы көпірдің негізгі болат қорап арқалығын көтеру жұмысын жүргізіп жатыр. Қазір жобаның құрылысы тұрақты түрде алға жылжуда. Лонтан Янцзы өзенінің көпірі солтүстігінде Янчжоу, Иджэн қалаларымен, оңтүстігінде Нанкин қаласымен және Чжэнцзяндағы Цзуйжон қаласымен түйіседі. Екі бағытта да алты жолақ бар. Жобалық жылдамдығы сағатына 100 шақырым, жалпы ұзындығы 4925 метр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото