- Барлық ақпарат
Ақалтеке жалында ойнаған кішкентай шабандоз (9)
12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шакра Шерзат небәрі 4 жаста. Күн сайын балабақшадан келгеннен кейін оған ең ұнайтыны - әкесімен бірге ақалтекеге міну.
Шакраның әкесі Шерзат Нұрым «Қытайдағы тұлпар мекені» деп аталатын Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданынан келген. Ол ат бапкерлігімен шұғылданады.
Шакра қаз тұрғаннан атқа мінуге ынталы болады. Ол үнемі әкесімен бірге ақалтеке базасына келіп, ат спортымен айналысады.
Шерзат: «Мен бала кезімде атқа мінгенді ұнататынмын. Ол кезде үлкендер мені жұмыссыз деп ойлайтын. Енді атқа міну және атқа міну жаттығуларының арқасында мен отбасымды асырап, тұрмысымды жақсарттым. Үйдегілер де мені түсініп, бұл әрекетімді қолдайтын болды».
«Шакра сәл есейгенде, егер ол әлі де атқа мінуді ұнататын болса, оның кәсіби ат спортын үйренуіне көмектесемін».
people.cn © People's Daily Online