Хуанхэ сазды алқабы жыл құстарын күтіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 наурыз
Хуанхэ сазды алқабы жыл құстарын күтіп алды

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көктемнің келуімен Ішкі Моңғол автономиялық регионы Хоххот қаласының Токто ауданындағы Хуанхэ сазды алқабына көптеген жыл құстары келді. Аққу, қызыл үйрек және басқа құстар суда жүзіп, ұшып-қонып, қиқулап, сулы-батпақты жерге жанды табиғат тынысын сыйлады.

Осы уақытқа дейін Хуанхэ сазды алқабына ақ тырна, аққу, қаз және қызыл үйрек сияқты сирек кездесетін құстардың 10-нан астам түрі келіп үлгерді. Температура біртіндеп көтерілген сайын бұл араға жыл құстары көптеп келе бастады. Суретте аққу, қызыл үйрек, барылдақ үйрек, сұқсыр үйрек және басқа құстар Хуанхэ сазды алқыбындағы асыр салған көрінісі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото