Қытайдың Бохай теңізінің солтүстік-орталық бөлігінде 10 жылдық үзілістен кейін тағы 100 миллион тонна мұнай кен орны табылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 наурыз
Қытайдың Бохай теңізінің солтүстік-орталық бөлігінде 10 жылдық үзілістен кейін тағы 100 миллион тонна мұнай кен орны табылды

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 18 наурызда CNOOC хабарлаған ақпаратқа сәйкес, Бохай теңізінің солтүстік-орталығында тағы 100 миллион тонна мұнай кен орны табылды. Цинхуандао 27-3 мұнай кен орнында 104 миллион тонна дәлелденген мұнай-геологиялық қоры бар екені жарияланды. Бұл 10 жыл өткеннен кейін осы теңіз аймағындағы мұнай мен газды барлаудың екінші ірі ашылуы. Сонымен бірге, Қытайдың теңіздегі мұнай-газ ресурстарын одан әрі шоғырландыру және ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото