Боао нөлдік көміртекті демонстрациялық аймағының жұмысы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 наурыз
Боао нөлдік көміртекті демонстрациялық аймағының жұмысы басталды

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Күн сәулесі мен теңіз самалынан «жасыл электр энергиясын» тиімді жинап, ғимаратты энергия үнемдейтін жөндеуден өткізгеннен кейін, Боао Азия форумының жыл сайынғы отырысы өтетін Хайнань өлкесінің Боао қаласы Дунюй аралы электр тұтынуда өзін-өзі теңестіруге қол жеткізді. 8 наурызда Хайнань өлкесінің Боао қаласында нөлдік көміртекті демонстрациялық аймақ жұмыс істей бастады.

Нөлге жақын көміртегі аймағы дегеніміз - аймақтағы парниктік газдардың жылдық таза көлемінің үздіксіз төмендеуін және біртіндеп нөлге жақындауын білдіреді.

2022 жылы құрылғаннан бері демонстрациялық аймақ құрылыстарды «жасылдандыру», бау-бақша ландшафттарының экологиясы және көлікті «жасылдандыру» сияқты 8 аспект бойынша 18 қосалқы жобадан нөлдік көміртекті түрлендіруді жүзеге асырды. Трансформациядан кейін Боао нөлдік көміртекті демонстрациялық аймағы ғимаратының төбесі фотоэлектрлік панелдермен жабылған, ас үй пеші толығымен электрлендірілген, бүкіл аралдағы жабдық интеллектуалды басқарылады. Осылайша трансформацияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда көмірқышқыл газының жылдық шығарындылары шамамен 70%-ға қысқарды.

Демонстрациялық аймақты құру нәтижелерін жақында германияның Энергетикалық агенттігі нөлдік көміртекті пайдалану аймағы ретінде сертификаттады, көміртекті бағалау және сертификаттау жөніндегі үшінші тарап органының сертификаттауы мен бағалауынан өтті. Сондай-ақ «нөлдік көміртекті құрылыс техникалық стандарты» индексінің талаптары бойынша «нөлге жақын көміртегі аймағы» өлшеміне жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото