Си Цзиньпин еліміздің орталық аймағының дамуын белсенді түрде ілгерлетуге шақырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 наурыз
Си Цзиньпин еліміздің орталық аймағының дамуын белсенді түрде ілгерлетуге шақырды

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 20 наурыз күні Мемлекет төрағасы Си Цзиньпин орталық аймақтың одан әрі жоғары сатыдан тағы да биікке көтерілуіне белсенді түрде жәрдемдесу қажеттігін атап өтті.

Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин жаңа дәуірде Орталық аймақтың одан әрі өркендеуіне жәрдемдесу жөніндегі симпозиумға төрағалық еткен кезде маңызды сөз сөйледі.

Си Цзиньпин орталық аймақ еліміздегі азық-түлік өндірісінің маңызды базасы, энергетикалық шикізат базасы, заманауи жабдықтар өндірісі және жоғары технологиялық өнеркәсіптік база және кешенді көлік торабы екенін және оның бүкіл ел бойынша маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. Жоғары сапалы дамуға жәрдемдесу үшін бірлескен күш құру және Қытай стиліндегі модернизация құрылысында орталық аймақтың өркендеуінің жаңа тарауын жазуға ұмтылу қажет екенін атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото