Жыртқыш құстарды оңалту маманы Мэн Де: Менің аңсарым аспанға ауады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 наурыз
Жыртқыш құстарды оңалту маманы Мэн Де: Менің аңсарым аспанға ауады

26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 жастағы Мэн Де - Шэньян жыртқыш құстарды құтқару орталығының жыртқыш құстарды оңалту маманы. 2015 жылы университетте оқып жүргенде құстарды құтқаруға араласып қалғаннан бастап, ол жараланған құстарды құтқаруға ерікті ретінде қосылды.

Шэньян жыртқыш құстарды құтқару орталығы 2009 жылдың шілдесінде құрылды. Ол құстарды сүйетіндер мен құстарды қорғаушылар тобынан тұрады. Оның құрамына зоологтар, дәрігерлер, журналистер, мұғалімдер, жұмысшылар және т.б. адамдар бар. Бұл Шэньяндағы және оған жақын аудандардағы табиғи немесе адам себебінен табиғатта өзі дербес тіршілік ете алмайтын жыртқыштар мен құстарды емдейтін еріктілер ұйымы. Қазіргі уақытта орталық барлық түрдегі 7000-нан астам жабайы құстарды құтқарды, ал жабайы құстарды құтқару жане табиғатқа жіберу көрсеткіші 60%-ға жетті.

Мэн Де мұнда келген құстардың көпшілігі адам себебінен жараланып және олардың көпшілігі ауыр жарақат алып, көк аспанға қайта ұша алмайтынын айтты. Ол: «мен адамдардың көбі жыртқыш құстарға назар аударып, құстарды қорғауға ат салысқанын қалаймын. Осылай болғанда ғана көк аспан құшағына қайтатын құстар көбейеді», - дейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото