Қытай Юнхай №3-02 спутнигін сәтті ұшырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 наурыз
Қытай Юнхай №3-02 спутнигін сәтті ұшырды

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 наурызда сағат 6:51-де Қытай Тайюань спутник ұшыру орталығында «Чанчжэн 6» модификацияланған зымыран тасығышын пайдаланып, «Юнхай №3-02» спутнигін сәтті ұшырды. Спутник жоспарланған орбитаға сәтті шығып, ұшыру миссиясы толығымен орындалды.

Юнхай №3-02 спутнигі негізінен атмосфералық және теңіз ортасын зерттеу, ғарыштық ортаны зерттеу, апаттардың алдын алу және азайту, ғылыми эксперименттер сияқты тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.

Бұл миссия Чанчжэн сериялы зымыран тасығышының 514-ші рейсі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото