Қытайда алты саябақ Жаһандық геопарктер желісінің тізіміне енгізілді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 наурыз
Қытайда алты саябақ Жаһандық геопарктер желісінің тізіміне енгізілді
Чанбайшань жаһандық геопаркі

29 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесі 27 наурызда Жаһандық геопарктер желісінің тізіміне 18 геопаркті қосуды мақұлдады. Оның ішінде Қытайдағы 6 геопарк, атап айтқанда Чанбайшань жаһандық геопаркі, Эньшы шатқалы-Тенглунддун жаһандық геопаркі, Линься жаһандық геопаркі, Лунянь жаһандық геопаркі, Угуншань жаһандық геопаркі, Синъи жаһандық геопаркі бар. Бүгінгі таңда Қытайдағы жаһандық геопарктер саны 47-ге дейін өсті, бұл әлемде бірінші орында.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото