Боао Азия форумының 2024 жылғы отырысының ашылу салтанаты өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 наурыз
Боао Азия форумының 2024 жылғы отырысының ашылу салтанаты өтті

29 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік Халық құрылтайы жиналысының Тұрақты Комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзи 2024 жылы 28 наурызда таңертең Хайнань өлкесінің Боао қаласында өткен Боао Азия форумының жыл сайынғы отырысының ашылу салтанатына қатысып, бағдарламалық сөз сөйледі. Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев, Науру Президенті Адеанг, Шри-Ланка Премьер-министрі Гунавардена, Доминика Премьер-министрі Скеррит, Камбоджа Королінің Консультативтік тобының Төрағасы Хун Сэн, Ресей Премьер-министрінің орынбасары Оверчук, Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дэн Хунсэнь, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Коулман, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының Бас хатшысы Гао Цзиньхун, Форум төрағасы Пан Ги Мун және т.б. 60-тан астам ел мен аймақтан 1 500-ден астам саяси, бизнес өкілдері және талдау орталығының ғалымдары қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото