Лоян пион тамашалау маусымына енді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 сәуір
Лоян пион тамашалау маусымына енді

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын Хэнаньның Лоян қаласындағы пиондар гүлдеді. Оның гүл ашу кезеңі бір айға жуық уақытқа созылады. Ежелгі кезде киелі қала, Лойи деген атпен белгілі Лоян - Қытайдың 4000 жылдан астам тарихы бар әйгілі тарихи және мәдени қаласы. Қытай - пион гүлдерінің отаны. Гүлдердің қашауағы үлкен және түстері ерекше болатындықтан, оны «гүл патшасы» деп атайды. Лоян пионының қызыл, ақ, қызғылт, сары сияқты 9 негізгі түсі, 10 түрі және 1400-ден астам сорты бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото