«Мобильді қонақ үймен» Шыңжаңға саяхат жасаңыз

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 сәуір
«Мобильді қонақ үймен» Шыңжаңға саяхат жасаңыз

3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның солтүстік және оңтүстік аймақтарын кесіп өтетін арнайы туристік пойыз «Жаңа шығыс экспресі» жолға шықты. «Жаңа шығыс экспресі» жоғары сапалы туристік пойызы Іле, Күшар, Қашқар сияқты маңызды өңірлер мен қалалар арқылы өтеді. Жолаушылар жол бойы Канас, Сайрам көлі, Қом, Боғда, Нарат жайлауы, Памир үстірті, ежелгі Қашқар қаласының пейзаждарын тамашалайды; жергілікті халықтық әдет-ғұрыптармен танысады; этникалық азшылықтардың дәстүрлі қойылымдарын көреді; Шыңжаңның ерекше тағамдарынан дәм тата алады.

«Жаңа шығыс экспресінің» барлық жоғары сапалы туристік пойыздарында ауданы 10 шаршы метрге жуық купе вагондары және 2-ден 4 адамға дейінгі жеке бөлмелер бар. Вагондар жоғары сапалы жиһазбен, жеке дәретханамен, 24 сағаттық ыстық сумен, температураны реттейтін интеллектуалды жүйемен, сейфпен, зарядтау интерфейсімен және USB интерфейсімен жабдықталған. Барлық жеке бөлме дыбыс өткізбейтін панельдерді пайдаланған, тәуелсіз аудио және басқа да ойын-сауық құралдары бар, жолаушыларды минералды су мен ыстық шай сияқты күнделікті сусындармен қамтамасыз етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото