«Қытайдың теңіз балдырлар мекені» атанған Жунчэн қаласында теңіз балдырларын жинау мен кептіру жұмысы қауырт жүруде

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 сәуір
«Қытайдың теңіз балдырлар мекені» атанған Жунчэн қаласында теңіз балдырларын жинау мен кептіру жұмысы қауырт жүруде

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 8 сәуір күні Шаньдун өлкесінің Жунчэн қаласы теңіз жағалауындағы теңіз балдырларын кептіру орталықтарында балдыр өсіретін жұмысшылар қолайлы ауа райын пайдаланып, балдырларды жинау, тасымалдау және кептіру жұмыстарымен қарбалас болып жатыр.

Қазір теңіз балдырларын жинау маусымы. Негізгі кептіру алаңдарында сала-құлаш балдырлар жұмысшылардың қолында желмен тербеліп, тамаша көрініс қалыптастырады.

Жунчэн - Қытайдағы ең ірі теңіз балдырларын өндіретін аймақ. Оның «Қытайдың теңіз балдырлар мекені» дейтін жарасымды атауы бар. Бұндағы теңіз балдырларының орташа жылдық өндірісі ел аумағының 40%-дан астамын құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото