Ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты: Лю Хуанхуа ерлер арасында 102 келі салмақта әлем рекордын жаңартты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 сәуір
Ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты: Лю Хуанхуа ерлер арасында 102 келі салмақта әлем рекордын жаңартты
(Сурет Синьхуа Ақпарат Агенттігінен алынды)

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы Таиландтың Пхукет қаласында өткен Ауыр атлетикадан 8-ші әлем чемпионатында Қытай құрамасынан Лю Хуанхуа ерлер арасында 102 келі салмақта жұлқа көтеру және жалпы нәтиже бойынша екі алтын медаль жеңіп алды және осы екі оқиға бойынша әлем рекордын орнатты.

Ол бірінші реткі жұлқа көтеру сынағында 220 кг көтерді, ал екінші ретте 225 келіні сәтті көтеріп, жұлқа көтеру мен жалпы нәтиже бойынша алтын медаль жеңіп алды. Үшінші рет 232 келі салмақты сәтті көтерді, сондай-ақ серпе көтеруден 181 келі, жұлқа көтеруден 232 келі және жалпы ұпайы 413 келі болып, жұлқа көтеру мен жалпы ұпайдың әлем рекордын жаңалады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото