АҚШ Қытайға 38 мәдени жәдігерді қайтарды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 сәуір
АҚШ Қытайға 38 мәдени жәдігерді қайтарды

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 17 сәуірде Мемлекеттік мәдени жәдігерлер басқармасы жоғалған 38 мәдени жәдігер мен өнер туындыларын АҚШ-тан сәтті қайтарып алды. Қайтару рәсімі Нью-Йорктегі Қытайдың бас консулдығында өтті. Нью-Йорктегі Манхэттен аумағының прокуратурасы қолға түсірген 38 жоғалған Қытай мәдени жәдігері мен өнер туындыларын Қытай үкіметіне тапсырды.

Алдын ала сәйкестендіруден кейін сарапшылар бұл топтамадағы жәдігерлердің көпшілігі Мин және Цин әулеттері кезіндегі еліміздің Сицзан буддизмінің мәдени жәдігерлері, соның ішінде будда мұнарасы, будда мүсіндері, будда әшекейлері және мыс, балшық, піл тісі, ағаш және басқа да материалдарды қамтитын түрлерін анықтады. Олардың мазмұны толық, сақталуы кемелді, маңызды тарихи, көркемдік және ғылыми құндылыққа бай.

2009 жылдың 14 қаңтарында Қытай мен АҚШ алғаш рет Қытай мәдени жәдігерлерінің АҚШ-қа заңсыз кіруіне жол бермеу туралы Қытай-Америка үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді. Құжаттың қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан бастап үшінші рет ұзартылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото