Қытайдың тамаша заттары: Матадан тігілген көне Бейжің аяқ киімі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 сәуір
Қытайдың тамаша заттары: Матадан тігілген көне Бейжің аяқ киімі

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- «Матадан жасалған көне Бейжің аяқ киімінің» тарихын 3000 жылға созуға болады. Үсті қара, табаны ақ бұл аяқ киімнің ең негізгі формасы. Соңғы жылдары ұлттық өнім мәдениетінің өркендеуімен ол дәстүрлі мәдениеттің символы мен аманатына, сондай-ақ Қытай стиліндегі мәдениеттің типтік түріне айналды. Ол мықты әрі тозбайды, ауа өтіп, терді сіңіретін, жағымсыз иісті кетіретін ерекшеліктерге ие болғандықтан сұранысы да жоғары. Әсіресе аяғы терлейтін адамдар үшін кеңінен қолданылады. Amazon-дағы бір пар негізгі матадан тігілген көне Бейжің аяқ киімнің бағасы 14,99 АҚШ долларын (шамамен 108 юань) құрайды. Бұл ел ішіндегі бағадан шамамен 4 есе жоғары. АҚШ-тан сатып алушылар: «Керемет! Мен бұл матадан жасалған аяқ киімді неге Кунг-Фу фильмдерінен көретінімді енді білгендеймін!», - деген жақсы жазба қалдырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото