Қытайдың Орталық банкі Қытай қағаз ақшаларының мыңжылдық алтын және күміс ескерткіш монеталарының жиынтығын шығарады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 сәуір
Қытайдың Орталық банкі Қытай қағаз ақшаларының мыңжылдық алтын және күміс ескерткіш монеталарының жиынтығын шығарады

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халық банкі 2024 жылғы 22 сәуірде мыңжылдық Қытай қағаз ақшаларының алтын және күміс ескерткіш монеталарының жиынтығын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жиынтықта барлығы 3 ескерткіш монета бар, оның ішінде 2 алтын ескерткіш монета және 1 күміс ескерткіш монета, олардың барлығы - Қытай Халық Республикасының заңды төлем құралы.

Қытай қағаз ақшаларының пайда болуының мың жылдық тарихы бар. Жаңаша күнтізбе бойынша 1024 жылы 12 қаңтарда Солтүстік Сун әулеті Чэнду қаласында Ичжоу қағаз ақша мекемесін құрып, ресми түрде «Ресми қағаз ақша» шығарды, міне бұл әлемдегі жұртқа танымал ең алғашқы қағаз ақша болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото