Қытай-Қазақстан «Қорғас» Халықаралық Шекара ынтымақтастығы орталығына миллионнан астам адам кіріп-шықты (2)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 сәуір
Қытай-Қазақстан «Қорғас» Халықаралық Шекара ынтымақтастығы орталығына миллионнан астам адам кіріп-шықты

22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сәуір айынан бастап, ауа райының қолайлығына орай, Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялық облысы Қорғас қаласындағы Қытай-Қазақстан «Қорғас» Халықаралық Шекара ынтымақтастығы орталығында шекара туристерінің, трансшекаралық және сауда туристерінің ең жоғары ағыны басталды. Қорғастың кіріп-шығу шекара бекетінің статистикасына сәйкес, сәуір айынан бастап Қытай-Қазақстан «Қорғас» Халықаралық Шекара ынтымақтастығы орталығы күн сайын 12000-нан астам адамды қабылдайды. Ең жоғары көрсеткіш бір күнде 19000-нан асты. 19 сәуірдегі жағдай бойынша 2024 жылы орталыққа 1,34 миллионнан астам адам кіріп-шыққан. (Сурет Синьхуа Ақпарат Агенттігінен алынды)

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото