Лянчжу мұражайы: Мыңдаған жылды басынан өткерген жарқын өркениет

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 сәуір
Лянчжу мұражайы: Мыңдаған жылды басынан өткерген жарқын өркениет

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Онлайн «Халық газетінің» «Қытайды көру» атындағы шетелге ақпарат тарату ұжымы жақында ежелгі Қытай өркениетін сезіну үшін Лянчжуға барды. Лянчжу мұражайы Чжэцзян өлкесінің Ханчжоу қаласы, Юйхан аумағы, Лянчжу көшесі, Мейличжоу саябағында орналасқан. Бұл Лянчжу мәдениетін жинақтайтын, зерттейтін, көрсететін, насихаттайтын археологиялық мұражай.

Лянчжу қирандылары - Қытай өркениетінің 5000 жылдық тарихын дәлелдейтін қасиетті орын. Лянчжу мұражайында Лянчжу қирандылары мен Лянчжу мәдениетінің археологиялық жетістіктері мен мұралық құндылықтарын жан-жақты, үш өлшемді және шынайы түрде көрсететін «Су қалашығы Зэгуо», «Өркениеттің қасиетті жері», «Нефрит жаны - Ұлт жаны» атты үш көрме залы бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото