Лянчжу ұлттық археологиялық саябағын тамашалаңыз

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 сәуір
Лянчжу ұлттық археологиялық саябағын тамашалаңыз

26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Лянчжу ұлттық археологиялық саябағы шамамен 14,33 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Лянчжу мұражайы, Лянчжу ежелгі қала қирандылары саябағы, Яошань қирандылары саябағы және Лаухулин қирандылары саябағы бірге Лянчжу ежелгі қаласының дүниежүзілік мұра құндылығын толық көрсетіп беретін жүйесін құрайды. Жұртшылық жәдігерлерді тамашалау, саябақты қыдыру және қызықты археологиялық іс-шараларға қатысу арқылы 5000 жыл бұрынғы өркендеген Лянчжу өркениетінен ләззат алып, оның мәйекті мәдениетін сезіне алады.

Сәуір айында Лянчжу ежелгі қаласының қирандылар саябағы жайқала өскен шалғындары, сылдырай аққан бұлағы, әнші құстарымен туристерді өзіне баурайды. Бұл көрікті мекен туристердің көктемде серуендейтін таптырмас ортасы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото