Испандық жігіт Лянчжуда «мәдени жәдігерлерді қазып жүр»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 сәуір

26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 24 сәуірде онлайн «Халық Газетінің» медия тобы Чжэцзян өлкесі Ханчжоу қаласы Юйхан аумағындағы Лянчжу ежелгі қаласының қирандылары саябағына барды. Олар 5000 жыл бұрын бұл топырақтағы аса көркейген өркениеттің белгілерін іздеді.

Лянчжу ежелгі қала қирандылары саябағы Чжунцзяган шеберханасының солтүстік-шығысындағы қоғамдық археологиялық аймағында орналасқан, онлайн «Халық Газетінің» шетелдік сарапшысы Ху Чанмин қоғамдық археологиялық іс-шараларға қатысып, мұндағы мамандардың басшылығымен мыңдаған жылдар бұрынғы қыш ыдыстардың сынықтарын сәтті қазып алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото