Си Цзиньпин Парижге барып, Франциядағы мемлекеттік сапарын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 мамыр
Си Цзиньпин Парижге барып, Франциядағы мемлекеттік сапарын бастады

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 5 мамыр күні түстен кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Парижге арнайы ұшақпен жетіп, Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Францияға мемлекеттік сапарын бастады.

Си Цзиньпин Париждің Орли әуежайына арнайы ұшақпен жеткенде, Франция премьер-министрі Г. Атталь және Франция үкіметінің басқа да жоғары лауазымды тұлғалары Төрағаны ыстық ықыласпен қарсы алды.

Си Цзиньпин өзінің осы сапары тарих алауымен алдағы жолды нұрландырып, Қытай-Франция қарым-қатынасы үшін тамаша болашақ жаратса деп күтетінін білдірді.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото