- Барлық ақпарат
Төраға Си Цзиньпин Франция Президенті Э.Макронмен және Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен үшжақты кездесу өткізді
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 мамыр
7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 6 мамыр күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Париждегі Елисей сарайында Франция Президенті Эммануэль Макронмен және Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен Қытай-Франция-Еуропа көшбасшыларының үшжақты кездесуін өткізді. Си Цзиньпин Қытай әрқашан Қытай-Еуропа қатынастарын стратегиялық және ұзақ мерзімді тұрғыдан бағалайтынын, Еуропаны Қытай ерекшелігіне ие ірі ел дипломатиясының маңызды бағыты және Қытай модернизациясын жүзеге асырудағы негізгі серіктесі ретінде қарастыратынын айтты. Сол сияқты Қытай-Франция мен Қытай-Еуропа қатынастары бір-біріне ықпал етіп, бірге дамуын күтетінін атап өтті.
Фото:Синьхуа
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online