- Барлық ақпарат
Қытайлық тамаша өнім Гуа-ша және дәстүрлі Қытай терапиясы
14 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Дәстүрлі Қытай терапиясы - арнайы гуа-ша құрылғылары мен сәйкес әдістердің көмегімен науқастың терісін ысқылау арқылы меридиандық акупунктура нүктелерінің бітеліп қалуын жойып, қанның белсенді айналымына ықпал ету болып табылады. Әлемде дәстүрлі қытай медицинасының танымалдылығының артуына байланысты гуа-ша тақталары Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында сұлулық пен денсаулық сақтау саласындағы жаңа сәнге айналды. Шетелдік әлеуметтік платформаларда көптеген шетелдік сұлулық және денсаулық саласының блогерлері гуа-ша туралы еңбектермен және емдік әсерлерімен бөлісуде. Сондай-ақ гуа-ша құралдарын көпшілікке белсенді таныстырылуда. Қазіргі уақытта YouTube-те «гуаша» тақырыбында мыңдаған бейнебаян бар. Кейбіреуінің көрілімі миллионға жетеді. Шетелдік желі қолданушылары Гуа-ша терапиясын оң бағалап, осы шағын шығыс өндірісіне күн сайын назар аударып жатыр. Шағын Гуа-ша тақтасы тек физиотерапия құралы болғанымен, мағынасы терең дәстүрлі мәдениетті қамтиды. Оның Еуропа мен Америка Құрама Штаттарындағы танымалдығы батыстықтардың дәстүрлі Қытай медицинасы мәдениетінің тиімділігін құптауын және мойындауын дәлелдейді.
people.cn © People's Daily Online