Дунхай, Цзянсу: Балық шаруашылығы мен күн энергиясын біріктіріп, экологиялық және төмен көміртекті болуды жүзеге асырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 мамыр
Дунхай, Цзянсу: Балық шаруашылығы мен күн энергиясын біріктіріп, экологиялық және төмен көміртекті болуды жүзеге асырды

14 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылдың 13 мамырында Цзянсу өлкесінің Ляньюньган қаласы, Дунхай ауданындағы 600 гектардан астам экологиялық балық көлшігі мен ұқыпты орналастырылған фотоэлектрлік панельдер, түрлі-түсті егістіктер мен ауылдың көрінісі тамаша жарасым тауып, жасыл энергияның әдемі экологиялық көрінісін қалыптастырады.

Соңғы жылдары Дунхай ауданы энергияны үнемдеуге және шығарындыларды азайтуға көмектесу үшін бос жерлерді, жағажайларды, балық көлшігін және басқа аумақтарды жергілікті жағдайларға сәйкес жасыл және таза энергияны дамыту үшін пайдалана отырып, экологиялық басымдық пен жасыл даму тұжырымдамасын ұстанды. Бұл жергілікті экономика мен экология үшін жақсы игілікті шаруаға айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото