Сианьнің кеші қандай әдемі?

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 мамыр
Сианьнің кеші қандай әдемі?

22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Кешке Сиань көшелерінде серуендеп жүрсеңіз, түнгі қаланың көрінісі мен күнделікті тұрмыс көріністері менмұндалап, туристердің есінен кетпейді.

Тан әулетінің түнсіз қаласына кірсеңіз, әртүрлі ханьфу(дәстүрлі Қытай киімі)және Тан костюмдерін киген адамдар тобы суретке түсіп жатады. «Бейне Чанань қаласына оралғандай сезімге бөлендім!»,- дейді чунциндік турист Су ханым.

Ұзын-сонар көшелерге адамдар жиналып, ал көше әртістері көпшілікпен сөйлесіп, айнала күлкі мен шапалақ үніне тұнып, туристерді қызықтырады.

Хуйминь көшесінде отандық және шетелдік туристер жергілікті тағамдардың дәмін татып үлгірмей жатты.

Мұнда жарық пен көлеңке алмасып, шырақтар мен отшашулар жарқырап, мәдениет пен өмір өзара жарасым тапқан.

Сиань қаласының ежелгі қабырғаларында «табиғи көріністерді көретін адамдар» енді қала қабырғаларының астындағы туристердің «көрінісіне» айналды. Қала қабырғасының астында бір топ жастар көше әншілерінің гитара үніне ілесіп, бұрала биге басты. «Достарыммен жұмыстан шыққанда ән тыңдау үшін қала қабырғасына келгенді ұнатамыз. Мұнда келсек бір күндік шаршауымызды ұмытамыз!»,- дейді Сиань қаласының азаматы Цзя мырза.

Соңғы жылдары Сиань мәдениетті насихаттау үшін туризмді және туризмді ілгерлету үшін мәдениетті пайдалануды қолға алып, мәдениеттің, сауданың және туризмнің терең тоғысып дамуына ықпал етті. 2024 жылы Сиань инновацияларды дамытуға және қаланың мәдени құндылығын одан әрі зерттеуге ерекше назар аударуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото