- Барлық ақпарат
Есту қабілеті нашар кәсіпкер Тянь Ие және оның серіктестері
24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл есту қабілеті нашар адамдардың күнделікті жұмыс істейтін ортасы. Тянь Ие Chongqin Yuermeng Technology Co., Ltd., Ооо. компаниясының негізін қалап, есту қабілеті нашарларға мәдени білім беру платформасын және ишарат тілі сөздігін әзірледі. Қазірге дейін қоғамға ишарат тілі туралы 8000 түсіндірмелі бейнелерді ұсынды және қоғамдық орындарда кедергісіз экскурсиялар жүйесін іске қосты. Бұл жүйе Чунциндегі Қытайдың Үш қысаң мұражайы сияқты 9 мұражайда қолданысқа енгізіліп, 10 миллионнан астам адамға қызмет көрсетті.
Чунциндегі бұл компанияның қызметкерлерінің 90%-ы ишарат тілімен сөйлейтін саңыраулар. Олардың көпшілігі Чунцин педагогика университетінің түлектері. Олар тыныш және ынталы. Компанияның негізін қалаушы Тянь Ие: «Саңырау адамдар естуден басқасының барлығын істей алады» дейді. Сансыз адамдар әлі күнге дейін есту қабілеті нашар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін құлшынып жатыр.
people.cn © People's Daily Online