- Барлық ақпарат
Орталық Азия саябағына келіп, Жібек жолы бойындағы мәдениетті сезініңіз (6)
27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сианьда орналасқан Орталық Азия саябағы ашылды. Бұл қала тұрғындары мен туристерге Орталық Азияда сауда жасаудың, Орталық Азияда саяхаттаудың, Орталық Азияда тамақтанудың және Орталық Азияда көңіл көтерудің қызығын сезінуге мүмкіндік беріп, Қытай мен Орталық Азия арасындағы мәдени алмасулар, экономикалық және сауда келіссөздері, туризмді ілгерілету, тауарларды сату және жергілікті ерекшелікке ие тағам мәдениетін ұсынудың маңызды дәнекері болды.
Орталық Азия саябағы Шэньси өлкесінің Қытай-Орталық Азия саммитінің нәтижелерін белсенді түрде жүзеге асырғанының көрінісі, сонымен бірге Сиань делегациясының Орталық Азияға сапары барысында қол жеткізілген ынтымақтастық нәтижелерінің бірі. Саябақ Сиань халықаралық конгресс-көрме орталығының жанында орналасқан. Ол саябақтың ландшафты аймағы, Жібек Жолындағы қонақ бөлмесі және Орталық Азияның арнайы тағам алаңы сынды үш бөліктен құрам тапқан. Орталық Азия саябағы қала тұрғындары мен туристерге өзгеше әдет-ғұрыптарды сезінуге, арнайы тауарларды сатып алуға және саммиттің нәтижелерін тамашалауға мүмкіндік береді.
people.cn © People's Daily Online