Қытайдың жақсы заты: Liushen иіссуы

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 мамыр
Қытайдың жақсы заты: Liushen иіссуы

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Liushen иіссуының(Liushen florida water)негізгі құрамы - этанол, хош иіс майы және тазартылған су. Бұл Liushen иіссуымен бөгде иістерді кетіруге, зарарсыздандыруға, дезинфекциялауға және қалдықтарды тазартуға болады. Қытайда Liushen иіссуы - халықтың ең жақсы көретін заты. Оны дәстүрлі иіссуға табиғи өсімдіктердің алты түрлі нәрін қосып әзірлейді. 1990 жылы базарға шыққаннан кейін ол нарықта тез танымал болды. Бұл қытайлықтар үшін жазда ең жиі қолданылатын масаларды қуатын репеллент өнім. Ол дәстүрлі Қытай медицинасы мәдениетін заманауи ғылым-техникамен шеберлікпен қосып, масаларды қуып, қышуды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар зарарсыздандыру, ісуді басу және адамды сергіту рөлдерін атқарады. Көптеген шетелдік те осы қытайлық өнімді қолданғанды ұнатады. Кейбір адамдар жаздың қапырық күндерінде суды салқындату үшін оны ванна суына тамызады. Ал кейбіреулер оны киімге дезинфекциялаушы және еден тазалағыш ретінде пайдаланады. Жалбыздың тәтті хош иісіне байланысты кейбір адамдар оны иіссу ретінде де пайдаланады. Amazonда 195 мл болатын бір бөтелке Liushen иіссуының бағасы 9,99 АҚШ доллары (шамамен 72,29 юань) тұрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото