«Менің Алтайым» мини-сериалы Қазақстанның негізгі телеарналарында көрсетіледі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 маусым
«Менің Алтайым» мини-сериалы Қазақстанның негізгі телеарналарында көрсетіледі

3 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 27 мамырда Қытайдың Iqiyi компаниясы мен Kazakhstan Channel 7 (тв7) бірлесіп «Менің Алтайым» мини-сериалына қол қою рәсімін өткізіп, ресми түрде жергілікті қазақстандық мекемелермен дистрибьюторлық ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сериалдың қазақ тіліндегі дубляждалған нұсқасының премьерасы маусым айында 7 арнада ресми түрде таратылады. Сонымен қатар болашақта Khabar TV және 31-арна сияқты жергілікті негізгі телеарналар арқылы бүкіл Қазақстан бойынша көрермендерге көрсетіледі.

Қазіргі уақытта «Менің Алтайым» Франция, Жапония, Ресей және басқа елдер мен аймақтардағы мекемелермен дистрибьюторлық ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізіп жатыр; Air France сериалды жазғы Олимпиада ойындары кезінде көрсетуді жоспарлап отыр; драма сонымен қатар Малайзияның Astro телеарнасы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы көрермендерге көрсетіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото