Қазақстандағы Астана жеңіл рельсі жобасы орнықты салынып жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 маусым
Қазақстандағы Астана жеңіл рельсі жобасы орнықты салынып жатыр

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның Астана қаласындағы жеңіл рельсті жол - Орталық Азиядағы алғашқы қалалық жеңіл рельсті желі. Бұл жол-Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы, Назарбаев университеті, Дүниежүзілік экспо паркі, Президент сарайы, жаңа теміржол вокзалы және басқа да Астана қаласының көрікті жерлері мен негізгі функционалдық аймақтары арқылы өтеді. Оның жалпы ұзындығы 22,4 шақырым. Қытайлық компания Қытайдың Алтыншы құрылыс бюросы жолдың 18,34 шақырымын салды. Онда жалпы 9 станция мен 14 учаске бар. Жеңіл рельсті жоба аяқталып, көлік қозғалысы үшін ашылғаннан кейін, жол жүру уақыты екі есеге жуық қысқарады. Құрылыс Қазақстандағы, тіпті Орталық Азиядағы ең техникалық жағынан озық қалалық теміржол транзиттік жобасына айналады. Қазіргі уақытта жобаның құрылысы тұрақты жүріп жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото