- Барлық ақпарат
«Қазақстан-Қытай энергетикалық ынтымақтастығына жаңа серпін берді»
19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- «Халық газеті» мен қазақстандық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» ортақ салудағы бірлескен сұхбат тобы 13-14 маусым аралығында Қазақстанның Алматы облысы мен Шымкент қаласына барды. Олар бұл өңірлерде Қытай-Қазақстан газ құбыры жобасы мен Шымкент Мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы бойынша сұхбат алды.
Қытай-Қазақстан газ құбыры Қазақстанның 4 облысын кесіп өтіп, соңында Қытайдың Шыңжаңындағы Қорғасқа келіп тоқтайды. Құбыр ABC үш параллель сызық бойынша жүреді. Оның бір сызығының жалпы ұзындығы 1310 шақырым. Бұл Қытай-Орталық Азия табиғи газ құбырының маңызды бөлігі. Ашылғаннан бері Қытай мен Қазақстаннан келген қызметкерлер жобаның қауіпсіз жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 5000 күннен астам уақыт бойы қоян-қолтық жұмыс істеп келеді.
Алматы қаласындағы жобаны басқару орталығында CNOOC халықаралық құбыр компаниясы Қытай-Қазақстан Газ құбыры бірлескен кәсіпорнының бас менеджері Кайпов бірлескен сұхбат тобына жобаның жалпы жұмысын таныстырды. Оның айтуынша, Қытайға табиғи газды жеткізу кезінде жоба Қазақстанның оңтүстігінде табиғи газбен жабдықтаудың жеткіліксіздігі мәселесін шешіп, ондаған мың жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етіпті.
Шымкенттегі Мұнай өңдеу зауытын Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясы мен Қазақстан Ұлттық мұнай корпорациясы бірлесіп бақылайды. Ол Қазақстандағы ең ірі үш мұнай өңдеу зауытының бірі болып табылады. 2014-2018 жылдар аралығында Шымкент Мұнай өңдеу зауыты жаңғырту жобасының бірінші және екінші кезеңдерін аяқтады. Шикі Мұнайды қайта өңдеу қуаты жылына 6 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, ол Euro IV және Euro V стандартты тазартылған мұнайын өндіру мүмкіндігін әзірлеп, халықаралық озық деңгейдегі заманауи мұнай өңдеу зауытына айналды.
Шымкент Мұнай өңдеу зауытының вице-президенті Ерлан Кішікбаев: «Біз Қытайлық әріптестерімізбен бірге мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыруды, жаңғырту мен өзгертуге жәрдемдесуді, сондай-ақ Қазақстан-Қытай энергетикалық ынтымақтастығына жаңа серпін беруді жалғастырамыз»-, дейді.
people.cn © People's Daily Online