- Барлық ақпарат
«Бір үйдің жандарындай татумыз»
19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- «Халық газеті» мен қазақстандық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» ортақ салудағы бірлескен сұхбат тобы жақында солтүстік Қазақстандағы Қостанай қаласына барды. Онда қытайлық компания сатып алған және қайта құрған Қазақстанның ең ірі автомобиль өндірісі және құрастыру компаниясы Arul Group-қа барып сұхбат алды.
Arul Group 2003 жылы құрылған. 2019 жылдың аяғында Қытай Көлік құралдарын импорттау және экспорттау компаниясы және Аньхой Цзянхуай автомобиль тобы компаниясы бірігіп, Arul Group-тың акцияларының 51%-ын сатып алды. Акцияларды сатып алып, қайта құрастырғаннан бері Arul Group компаниясының автомобиль өндірісі мен сатылымы жылдан жылға айтарлықтай өсіп келеді. Автокөлік өндірісі 2017 жылы 6000 автомобильден 2023 жылы 90 000 автомобильге дейін артып, оның нарықтағы үлесі жыл бойы 40%-дан асты. Бұл жергілікті автомобиль өнеркәсібінің қарқынды дамуына ықпал етті.
Arul Group компаниясының зауыттық операциялар жөніндегі директоры Виталий Хелистердің айтуынша, компанияның жылдық өндірістік қуаты 130 000 көлікке жеткен. Ол Jac Motor-мен бірге бірқатар халықаралық автомобиль брендтеріне арналған көліктерді құрастырып, нарыққа шығарды. Бұл жеңіл автомобильдер мен коммерциялық көліктер сияқты барлық өндірістік біліктілігі бар және барлық бөлшектерді құрастыру мүмкіндігіне ие Қазақстандағы жалғыз автомобиль компаниясы.
Arul Group зауыты бас менеджерінің орынбасары Елена Збиалова компания басшылығы қытайлық серіктестермен жақсы қарым-қатынаста екенін және көптеген табысты тәжірибелерді меңгергенін айтты. Ол «Бір үйдің жандарындай татумыз» дейді .
Фото: «Халық газеті» мен қазақстандық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» ортақ салудағы бірлескен сұхбат тобы Arul Group да сұхбат алуда.
people.cn © People's Daily Online