- Барлық ақпарат
Шыңжаң Ауылшаруашылық базасының ақылды жылыжайын тамашалаңыз (4)
21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында онлайн «Халық Газеті» тілшілер тобы Көкдала қаласындағы Руньтэй Агротехнологияны дамыту компаниясының ақылды жылыжайына кіріп, осындағы жоғары технологиялық ауыл шаруашылығымен танысты.
Руньтэй Агротехнологияны дамыту компаниясының атқарушы директоры Тан Юэ саябақтағы қызанақтардың топырақсыз өсірілетінін айтты. Жылыжайда әртүрлі сенсорлар орнатылған. Цифрлық өндіріс технологиясының арқасында Шыңжаңдағы күннің түсу уақыты ұзақ, күн мен түннің температурасының айырмашылығы жоғары сынды географиялық артықшылықтарын тиімді пайдаланып, түрі әдемі, тәттілігі мен қышқылдығы тең қызанақтарды өсіріп шығарды. «Бұл жылыжай «ақылды миға» барабар, күн сайын ең жақсы басқару ұсыныстарын беріп, жылыжай менеджерлерінің ауылшаруашылық операцияларына басшылық жасайды».
250 му аумақты алып жатқан және толық жылдық өндірісті жүзеге асыра алатын бұл ақылды ауылшаруашылық бақшасы Бейжіңдегі бірқатар танымал компанияларды инвестициялауға тартты. Компаниялар бақша шаруашылығымен терең ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін халықаралық озық ауылшаруашылық технологияларын да ала келді.
«Біз Нидерландының үшінші буын ақылды ауылшаруашылық технологиясын қолданамыз. Дәстүрлі далалық егін салумен салыстырғанда, бақшада отырғызу әдісінің айқын артықшылықтары бар. Жылдық өнім 5-6 есе артып, ал суармалы суды тұтыну дәстүрлі суғарудағы су мөлшерінің 1/20 бөлігін ғана құрайды әрі экологияға залалсыз», - дейді Тан Юэ.
Бақшадағы ауылшаруашылық өндірісінің бүкіл процесі цифрлы басқарылады. Ол дәстүрлі ауыл шаруашылығымен салыстырғанда өндіріс тиімділігі мен шығындарды 40%-дан астам үнемдеді.
people.cn © People's Daily Online