- Барлық ақпарат
Қытай салынып болған және салынып жатқан автоматтандырылған кемежай саны бойынша әлемде көш бастады
28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 26 маусым күні Көлік министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, Қытайдың порттарды автоматтандыру технологиясының деңгейі мен қолдану ауқымы әлемде алдыңғы қатарда тұрады. Осы уақытқа дейін Қытайда 21 автоматтандырылған контейнерлік кемежайлар және 28 автоматтандырылған құрғақ сусымалы кемежай салынды. Олардың ішінде биылдың бірінші жартыжылдығында 7 ауқымды автоматтандырылған кемежай қосылып, салынып болған және салынып жатқан автоматтандырылған терминалдардың саны әлемде көш бастады.
Мәліметтерге сәйкес, Қытай автоматтандырылған контейнерлік кемежайды жобалау жоспары сынды бірқатар салалық техникалық стандарттарды жариялап, ақылды порт құрылысын дамытуға бастамашылық етіп, қолдады. Қытайдың автоматтандырылған контейнерлік кемежайларды салуға арналған техникалық шешімдері шетелге шығып, кейбір елдердің порттарында қолданылды.
people.cn © People's Daily Online