- Барлық ақпарат
Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті реформаны одан әрі жан-жақты тереңдету туралы шешім қабылдады
19 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы 20-сыншы Орталық Комитетінің үшінші пленарлық отырысы Бейжіңде 2024 жылғы 15-18 шілде аралығында өтті. Отырыста реформаны одан әрі жан-жақты тереңдету және Қытай стиліндегі модернизация құрылысын ілгерілету туралы шешім қабылданды.
Пленарлық отырысқа Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Саяси бюросы төрағалық етті. Бейсенбіде жарияланған коммюникеге сәйкес, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин пленарлық отырыста маңызды сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста Си Цзиньпиннің Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Саяси бюросы атынан жасаған жұмыс баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Сондай-ақ «Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің реформаны одан әрі жан-жақты тереңдету және Қытай стиліндегі модернизацияны ілгерілету туралы шешімі» талқыланып, қабылданды.
Си Цзиньпин «шешімді (талқылау жобасын)» пленарлық отырысқа түсіндірді.
people.cn © People's Daily Online