- Барлық ақпарат
Бейжіңде палестиналық фракциялар «Бөлінуді тоқтату және Палестина ұлттық бірлігін нығайту туралы Бейжің декларациясына» қол қойды
24 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың шақыруымен 21-23 шілде аралығында Бейжіңде 14 палестиналық фракцияның жоғары деңгейдегі өкілдері татуласу диалогын өткізді. 23 шілде күні барлық палестиналық фракция «Бөлінуді тоқтату және Палестинаның ұлттық бірлігін нығайту туралы Бейжің декларациясына» қол қойды.
Осылайша 14 палестиналық фракция алғаш рет Бейжіңге жиналып, татуласу диалогын өткізді. Ол азап шеккен Палестина халқына үлкен үміт сыйлады.
Қытай Сыртқы істер министрі Ван И өз сөзінде бұл диалогтың ең маңызды консенсусы барлық 14 фракция арасында үлкен татуласу мен бірлікке қол жеткізу екенін айтты. Ең маңызды нәтиже - Палестинаны Азат ету ұйымы(PLO)Палестина халқының жалғыз заңды өкілі екенін анықтау. Ең маңызды оқиға - соғыстан кейінгі Газаны басқару төңірегінде уақытша ұлттық татуласу үкіметін құру туралы келісім. Ең күшті үндеу - Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарларына сәйкес Палестинаның шынайы тәуелсіз мемлекеттілігін жүзеге асыру.
people.cn © People's Daily Online