- Барлық ақпарат
Дәстүрлі Қытай медицинасындағы «қысқы ауруды жазда емдеу» әдісі (5)
31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Қысқы ауруды жазда емдеу» біздің дәстүрлі Қытай медицинасына тән ерекше емдеу әдісі болып табылады. Қазіргідей шілденің шіліңгірі - ең ыстық әрі жыл маусымындағы аса тымырсық кез. Бұл «қысқы ауруды жазда емдеудің» ең оңтайлы мезгілі.
Дәстүрлі Қытай медицинасының «Қысқы ауруды жазда емдеу» тәсілі - болымды және болымсыз бес элемент теориясына негізделген. Ол жаздағы қуатты болымды энергияны толықтырып, денедегі суық пен сырқатты айдап, ағзадағы болымды және болымсыз энергиялардың тепе-теңдігін реттейді. Тыныс жолы демікпесі және созылмалы тыныс жолы сырқаттары қыста тез қабынатын болса, оны жазда емдеу нәтижелі болады. Сонда қыста сырқат түрі жеңіл өтеді немесе асқыну азайып, адамның ауруға қарсы тұру иммунитеті күшейеді. Бұдан әрі сырқаттан толық айығып кетуге болады. Бұл дәстүрлі Қытай медицинасында «табиғат пен адамның бірлігі» деген жалпы ұғымды және «ауырмай тұрып алдын алу» керек дейтін тұжырымның ақиқатын дәлелдейді.
Жыл сайын шілденің шіліңгір ыстығында елімізде дәстүрлі Қытай медицинасы емханаларында науқастардың саны көбейіп, қарып емдеу, жапсыру, ине шаншу сияқты дәстүрлі емді алатындардың саны артады.
people.cn © People's Daily Online