Қытайлық спорт делегациясы үстел теннисінен аралас жұпта алтын медальді еншіледі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 шілде

31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 30 шілдеде Париж Олимпиадасы жарыстың төртінші күніне аяқ басты. Қытайлық ойыншылар Ван Чуцинь мен Сунь Инша үстел теннисінің аралас жұптық финалында Солтүстік Корея құрамасын 4:2 есебімен жеңіп, алтын медальді қанжығасына байлады. Бұл Қытай құрамасының осы олимпиададағы үстел теннисінен алған алғашқы алтын медалі. 30 шілде күнгі 17:00-дегі жағдай бойынша, қытайлық спортшылардың қоржыны жалпы 6 алтын, 6 күміс және 2 қола медальмен толықты.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото