Цзимо, Шаньдун: «Теңіз фермасының» көркем көрінісі (3)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 тамыз
Цзимо, Шаньдун: «Теңіз фермасының» көркем көрінісі

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жаздың ортасында Шаньдун өлкесінің Циндао қаласы, Цзимо аумағында су беті айнадай болып, «теңіз фермасының» экологиялық бейнесін көрсетеді.

Соңғы жылдары Цзимо аумағының Цзинку қалашығы балықшыларды асшаяндарды, шаяндарды және басқа да теңіз өнімдерін өсіруге ынталандыру үшін жергілікті жағдайларға сәйкес 2000 гектардан астам теңіз жағажай ресурстарын пайдаланды. Осының арқасында аймақтық сипаттамалары бірегей балық шаруашылығын дамытудың қарқынды, ауқымды және әртараптандырылған моделін жасап, балықшылардың табысын арттыруға және ауылдарды жандандыруға көмектесті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото