2025 жылғы Чэнду Дүниежүзілік ойындарының ұраны мен бойтұмары шықты (2)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 тамыз
2025 жылғы Чэнду Дүниежүзілік ойындарының ұраны мен бойтұмары шықты

8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 6 тамызда Чэнду Дүниежүзілік ойындарының ашылуына бір жыл қалуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Сол кезде 12-інші Дүниежүзілік ойындарының бойтұмары - Шубао мен Цзиньцзай алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Олимпиада ұраны - «Шексіз спорт, сансыз ғажайыптар» (Boundless Sports,Countless Wonders) да ресми түрде жарияланды.

Іс-шараның бойтұмары Шубао мен Цзиньцзай алып пандалар мен Сычуань сабалақ маймылдарын негіз еткен. Дизайн тобы бұл панда мен сабалақ маймыл негізіндегі бойтұмарды мәдени дәнекер етіп, Чэнду экологиясының жанға жайлы, қала тұрғындарының қонақжай және мейірімді екенін көрсетуді мақсат еткен. Сонымен қатар, адамдардың сирек кездесетін жануарларға қамқорлық жасап, биологиялық әртүрлілікті қорғауға назар аударуын дүниежүзілік Ойындардың қоршаған ортаны қорғау мен тұрақтылық тұжырымдамасымен ұштастыруға шақырады.

12-нші Дүниежүзілік Ойындар Чэнду қаласында 2025 жылдың 7-17 тамызы аралығында өтеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото