Олжас Бектенов ҚХР шекарасындағы көлік-логистика саласы ахуалымен танысты (3)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 тамыз
Олжас Бектенов ҚХР шекарасындағы көлік-логистика саласы ахуалымен танысты
Фото: KAZINFORM

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қазақстанның Жетісу облысына жұмыс сапары барысында өңір экономикасының 7%-ын құрайтын көлік-логистика саласының дамуымен танысты, деп хабарлайды KAZINFORM. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша облыста автокөлікпен жүк тасымалдаудың жыл басындағы 55,7%-дан 6 айда 101,1%-ға дейін өсу үрдісі байқалады. 

Nur Zholy Customs Service халықаралық көлік-логистика орталығының аумағында Үкімет басшысы Cross-Docking технологиясын қолдану арқылы көлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесімен танысты.

ҚР Үкімет басшысы көлік-логистика әлеуетін одан әрі дамытуды және өсіп келе жатқан жүк ағынын қанағаттандыру үшін инфрақұрылым қуатын арттыруды бақылауда ұстауды тапсырды. Өткен жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымы 30%-ға артып, $31,5 млрд-қа жетті. Кедендік рәсімдерді жеңілдету Қазақстанның өңірдегі негізгі транзиттік көлік дәлізі ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуға серпін береді. Тиімділігі дәлелденген Cross-Docking сияқты заманауи цифрлық шешімдерді басқа өңірлерде де іске қосу керек екені атап өтілді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото