- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Құмылындағы «сиқырлы қаланың» ғажайып көрінісі
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 тамыз
20 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 17 тамызда Шыңжаңның Құмыл қаласындағы «сиқырлы қаланың» ауа температурасы 40 градустан жоғары болса да, табиғаттың шебер қолымен жасалған хикметін тамашалаған туристердің аяғы үзілмеді. «Сиқырлы қалада» ғажайып жер бедерінің ерекше пішіндерін кездестіруге болады. Ғажайып мекен Құмыл қаласының Вубао қалашығының оңтүстігінде, қалашықтан 20 шақырым және Құмыл қаласынан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан. Ені шамамен 40 шақырым және ұзындығы 50 шақырым болатын осы шөл дала теңізіне енсеңіз, бейне бір жұмбақ сарайға кіргендей боласыз. Мұндағы табиғат ананың шеберлігімен жасалған таңғажайып көріністер сізді таңғалдырмай қоймайды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online