- Барлық ақпарат
Шыңжаңдық әйел Зәйтүна ескі үйлер мен тағамдар арқылы татар мәдениетіне мұрагерлік етіп келеді (9)
20 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Шәуешек қаласының тұрғыны Зәйтүна татардың «сабан фестивалінің» материалдық емес мәдени мұра мұрагері. Ол сонымен қатар он саусағынан өнер тамған дәстүрлі бал бауырсақ пісіруші. Ол күйеуі екеуі 1915 жылғы ескі үйін пайдаланып, 500-ден астам ескі татар заттарын көрсететін алғашқы халық мәдениетінің отбасылық мұражайын ашты. Мұражай еліміздің түкпір-түкпірінен туристерді өзіне баураса, оның өз қолымен жасаған бал бауырсақ өнімдері жақсы сатылып келеді. Зәйтүна күйеуі екеуі жыл сайын Шыңжаңның әр жерлеріне барып, халықтық әдет-ғұрыптарды естелікке алып, жас мұрагерлерді баулиды. Шәуешек қаласы халықтың салт-санасын қорғау мен мұрагерлік етуді жеделдетіп, отбасылық мұражайлардың саны 14-ке дейін өсті, жылына 100 000-ға жуық туристі қабылдап, туризмнің дамуына ықпал етті.
people.cn © People's Daily Online