Шыңжаңның Байынбұлақ әуежайы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 тамыз
Шыңжаңның Байынбұлақ әуежайы іске қосылды

21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Байынғолын облысындағы Байынбұлақ әуежайына G11101 рейсі қауіпсіз қонды. Бұл Шыңжаңдағы Байынбұлақ әуежайының ресми ашылғанын білдіреді.

Елімізде әуежайлардың саны ең көп өңір болған Шыңжаңда қазіргі уақытта 26 азаматтық әуежай жұмыс істейді. Байынбұлақ әуежайы ашылғаннан кейін Шыңжаңда жұмыс істейтін азаматтық әуежайлардың саны 27 болды.

Байынбұлақ әуежайы - Шыңжаңдағы екінші теңіз деңгейінен биіктігі 2 438 метрден жоғары әуежай.

2022 жылғы желтоқсан айында Шыңжаңның алғашқы теңіз деңгейінен биіктігі 2 438 метрден жоғары әуежайы Ташқорған Хунжерап әуежайы көлік қозғалысы үшін ресми түрде ашылған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото