Қытай-Еуропа пойыз желісінің «Шығыс өткелінеде» пойыздардың қозғалыс көлемі 30 000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 тамыз
Қытай-Еуропа пойыз желісінің «Шығыс өткелінеде» пойыздардың қозғалыс көлемі 30 000-нан асты

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай теміржолы Харбин бөлімшесінен алған ақпаратына сәйкес, 2024 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша, Қытай-Еуропа пойызының «Шығыс өткелі» Манжули,  Суйфэньхэ және Тунцзян теміржол порттары ашылғаннан бері жиынтық тасымалдау көлемі 30 000 пойыздан асып, 2,91 миллион TEU жүк жөнелтілді. Ол жыл сайынғы өсімге қол жеткізіліп, сапалық өсудің жақсы тенденциясын көрсетті.

Қытай-Еуропа пойызының «Шығыс өткелі» Манжули, Суйфэньхэ және Тунцзян теміржол порттарынан тұрады. Польша, Германия және Нидерланды сияқты 14 елге жетеді, осы елдерді Қытайдың Чанша, Чжэнчжоу, Чэнду және Сучжоу сияқты 60-тан астам қалаларын байланыстыратын 27 бағыт бар. Тасымалданатын тауарлар 12 негізгі санатты қамтиды, мысалы, электр өнімдері, тұрмыстық қажетті заттар, ауылшаруашылық және қосалқы өнімдер және т.б.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото