- Барлық ақпарат
«Композитор» фильмі Камбоджадағы Азия Кинофестивалінде «Үздік фильм» номинациясы бойынша «Алтын Айдаһар» сыйлығын жеңіп алды
27 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 24 тамыз күні кешке Камбоджаның Пномпень қаласында екінші Камбоджа Азия кинофестивалінің «Алтын айдаһар» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Қытай-Қазақстан бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі Азияның 12 елінен келген 325 туындының ішінде көзге түсіп, екінші Камбоджа Азия кинофестивалінде «Үздік фильм» номинациясы бойынша «Алтын айдаһар» жүлдесін жеңіп алды.
«Композитор» қытайлық музыкант Сянь Синхайдың Алматыдағы кешірмесіне негізделген. Онда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алматыға барған және қазақстандық музыкант Байқадамов қиын күндерде достық қолын созған атақты қытайлық музыкант Сянь Синхайдың өмірі баяндалады. Кинода Сянь Синхайдың шетелде қиын күнде жүрсе де отанына деген сүйіспеншілігі жоғары бағаланды.
Фильмнің режиссері - қытайлық режиссер Шеризат Якуб, басты рөлдерде Ху Цзюнь, Юань Цюань, Цзюй Сюэ және қазақстандық актерлер Берік Айтжанов, Аружан Жазылбекова және Алтынай Нөгербек ойнайды.
people.cn © People's Daily Online