- Барлық ақпарат
Солтүстік Қазақстанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында көрме өтіп жатыр (9)
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 тамыз
Солтүстік Қазақстан облысында биыл 24 тауар өндіруші «Бір ауыл - бір өнім» жобасына қатысып, өз өнімдерін сайысқа ұсынды деп жазды ҚазАқпарат.
СҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Бір ауыл - бір өнім» байқауы «Мен кәсіпкер» жобасы аясында қолға алынған. Ол жергілікті шикізатты қолдану арқылы шығарылатын өнімді көпшілікке таныстыруға бағытталған және кем дегенде бәсекеге қабілетті бір өнімнің өндірісін дамытуды мақсат еткен. Бұл идея Жапониядан алынған.
Көрме-жәрмеңке Петропавлдағы сауда орындарының бірінде өтіп жатыр.
СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалиннің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты бірегей өңірлік өнімді табу және жергілікті бренд құру.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online