- Барлық ақпарат
Су қоймасындағы су деңгейі төмендеп, мыңжылдық мүсіндер көрінді
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 қыркүйек
2 қыркүйек онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы кездері үздіксіз жоғары температура мен жаңбырсыз ауа-райына байланысты Сычуань өлкесінің Цзыянь қаласы, Аньюэ ауданы, Лайфэн ауылындағы Шуфанба су қоймасының су деңгейі төмендеп кетті. Бұрын су астында қалған жартастағы мүсіндер және будда ғибадатханасының рельефтері сияқты мыңжылдық мәдени жәдігерлер қайтадан көзге шалынып, таңғажайып көркімен тамсандырды.
Аньюэ ауданындағы Шуфанба су қоймасы 1970 жылдары салынған. Су бетінің көлемі 130 шаршы шақырымнан астам. Тан және Сун дәуіріне жататын 43 жартас мүсіні, 155 мүсін, 3 рельефті тас мұнара және 9 жазба бар.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online