Париж Паралимпиадасында Қытай құрамасы әйелдер арасындағы дискус жарысында тамаша нәтиже көрсетті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 қыркүйек
Париж Паралимпиадасында Қытай құрамасы әйелдер арасындағы дискус жарысында тамаша нәтиже көрсетті

3 қыркүйек онлайн «Халық Газеті» -- 41 жастағы Ян Юе Париж Паралимпиадасының алтын медалін кеудесіне таққанда, «Стад Де Франс» залында қошемет шапалағының дауысы жаңғырды. Ол Паралимпиададағы алтыншы сапарында ақыры алтын медальді еншіледі.

Жергілікті уақыт бойынша 1 қыркүйекте Париждегі Паралимпиада ойындарының әйелдер арасындағы дискус F64 финалында Қытай құрамасының өкілі Ян Юэ 42,39 метр ұпаймен чемпионатты жеңіп алды. Тағы бір қытайлық ойыншы Яо Цзуань 0,41 метр айырмашылықпен күміс медаль жеңіп алды. «Мен Парижде маусымның ең жақсы нәтижесін көрсете аламын деп ойламадым. Ақыры алтын медаль иеленіп, арманымды орындадым», - деп Ян Юэ өзінің толқығанын жасыра алмады.

Ян Юэ бала кезінен ауруына байланысты мүгедек болған, бірақ ол әрқашанда үміткер болды, лақтыру спортында қатарластарынан алға озды. Күн сайын ауыр жаттығулар Ян Юэге провинция құрамасынан ұлттық құрамаға іріктелуге мүмкіндік берді. Оның жүрегінде «Паралимпиада чемпионы болу» арманы ешқашан сөнген емес. Афины Олимпиадасынан Токио Олимпиадасына дейін ол 4 күміс медаль еншілеген болатын.

Осыған дейін алты рет Паралимпиада ойындарында 5 алтын медаль жеңіп алған атақты жұлдыз Яо Цзуань үшін бұл жолғы алтын медальді жіберіп алу аса өкінішті болған жоқ. «Афиныдағы Паралимпиада ойындарынан бері Ян Юэ екеуміз бұл жобада 20 жыл бойы бір-бірімізді демеп келеміз. Мен оның серпіліс жасағанын көргеніме қуаныштымын», деді Яо Цзуан.

2000 жылы Сиднейдегі Паралимпиада ойындарында 16 жастағы Яо Цзуан «жаңа туған бұзау жолбарыстан именбейді» дегендей серпінімен найза лақтырудан F44 әйелдер чемпионатында жеңіске жетті. Келесі бірнеше Паралимпиада ойындарында найзадан бастап дискке дейін лақтырып, ол өзін-өзі дамытып отырды. Жеңіп алған медальдар лақтырудың үш ірі жарысын қамтып қана қоймай, ол үш жарыста әлем рекордшысы атанды.

Соңғы жылдары Яо Цзуань Цзянсу өлкесіндегі мүгедектерге арналған жеңіл атлетика командасының жаттықтырушысы қызметін де атқарып келеді. «Мен өз тәжірибемді мүгедектердің көпшілігіне көрсетіп, олардың қоғамға жақсырақ еніп кетуіне және спорттың қуанышынан ләззат алуына көмектесе аламын деп үміттенемін», - деді Яо Цзуань.

Париж Паралимпиадасының аренасында әлі де көптеген әсерлі оқиғалар бар. 36 жастағы Цзя Хунъгуан жарақатына қарамастан бассейндегі толқынды жара алға ілгеріледі; 36 жастағы Ли Чжанъюй веложарыста желмен жарысты; 48 жастағы Сиун Гуйянь үстел теннисінен үш кіші жарысқа қатысып, Паралимпиада арманын сүйіспеншілікпен және табандылықпен жалғастырды…

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото